速報APP / 社交 / Asyldin.kz

Asyldin.kz

價格:免費

更新日期:2017-09-27

檔案大小:9.9M

目前版本:9.2.1

版本需求:Android 4.2 以上版本

官方網站:http://asyldin.kz

Email:asyldin.kz@mail.ru

聯絡地址:Kazakhstan, Almaty

Asyldin.kz(圖1)-速報App

«asyldin.kz» - Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми діни танымдық-ақпараттық порталы.

Асыл дініміз Ислам – әлемде ықпалы зор, біз өмір сүріп жатқан қоғамда өзіндік орны бар, өмірдің сан-саласына етене араласып, қарқынды дамып келе жатқан Жаратушы Иеміздің хақ діні. Қазіргі таңда Ислам дініне дүниенің түкпір-түкпірінде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың ерекше ықыласы ауып жатқанын күнделікті өмірден анық байқауға болады. Әлемде Алланың дінін мойындап, Ислам дінін қабылдап жатқан адамдардың қатары сәт санап өсіп келе жатыр. Бұл – асыл дініміздің екі дүние бақытын қатар көздейтін әмбебап дін екенін көрсетеді.

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің дін қызметкерлері де бүгінгі таңда қарыштап дамып жатқан технологияның мол мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ислам дінінің шариғаттарын, дін мұраттарын уағыздап, әлемде және елімізде болып жатқан діни жаңалықтарды халыққа дер кезінде жеткізуді басты назарда ұстап, «asyldin.kz» порталының андроид жүйесіндегі ұялы телефондарға арналған қосымшасын жаңартты.

Құрметті «asyldin.kz» порталының тұрақты пайдаланушылары, біз алдағы уақытта қосымша қызметін жақсартып, ұдайы жаңартып тың дүниелермен толықтырып отыратын боламыз. Сіздердің жылы лебіздеріңіз, ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңіз «asyldin.kz» қосымшасының одан әрі дамуына зор үлес қосарын ұмытпағайсыздар. Қосымшаға байланысты ұсыныс-тілектеріңіз, жаңалықтарыңыз, мақалаларыңыз, имамға қойылатын сауалдарыңыз болса, мына адреске жолдауларыңызға болады: asyldin.kz@mail.ru

Қызметтер:

• Жаңалықтар (қазақ тілінде)

- Ислам жаңалықтары

- Жаңалықтар (орыс тілінде)

- Мешіт-ақпарат

• Мультимедиа

- Жұма уағыздары

Asyldin.kz(圖2)-速報App

- Видео

- Аудио

- Балалар әлемі

• Кітапхана

- Діни кітаптар

- Құран Кәрім

- Хадистер

- Балалар кітапханасы

• Намаз

- Ерлердің намаз оқу үлгісі

- Әйелдердің намаз оқу үлгісі

Asyldin.kz(圖3)-速報App

- Намазда оқылатын қысқа сүрелер

- Намаздың түрлері

- Намазда оқылатын дұғалар

- Намаздың шарттары

- Дәрет алу тәртібі

- Діни терминдерге түсінік

- Намаз уақыттары

- Имамға сұрақ

Сайт: www.asyldin.kz

Кері байланыс: asyldin.kz@mail.ru

Байланыс телефонымыз: +7(7262)571864

Asyldin.kz(圖4)-速報App

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Төле би көшесі 89/б

Asyldin.kz(圖5)-速報App