速報APP / 教育 / Kitap

Kitap

價格:免費

更新日期:2018-06-11

檔案大小:16M

目前版本:1.3.6

版本需求:Android 4.4 以上版本

官方網站:http://kitap.kz/

Email:info@kitap.kz

聯絡地址:隱私權政策

Kitap(圖1)-速報App

«Қазақстанның ашық кітапханасы» - өнеріміз бен сан-саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, ұлттық әдебиетіміз бен отандық ғылымды насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.

Kitap(圖2)-速報App

Мақсатымыз – халқымыздың асыл қазынасы саналған рухани мұрамызды, көненің көзіндей болған өнер жауһарларын көпшілікке таныту, келешек ұрпаққа жеткізіп, бойына дарыту, жас ұрпақтың қазақ әлемімен етене жақындасуына дәнекер болу. Қазақ ақын-жазушыларын оқуға құмартқан кез келген адамды кез келген жерде қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, көпшіліктің сұaранысын өз дәрежесінде қанағаттандыру.

Kitap(圖3)-速報App

Бүгінгі күні «Қазақстанның ашық кітапханасы» қорында 500-ден аса автордың түрлі бағыттағы 4000-ға жуық кітабы жинақталған. Кітапханамызға елімізге, қала берді әлемге танымал өмірден өткен тұлғаларымыздың қоғамдық игілік санатына енген шығармаларымен қатар, қазіргі ақын-жазушыларымыздың да мұралары Creative Commons еркін лицензиялары негізінде авторлық құқықтары сақталып енгізілген. Қазақ тілі мен мәдениетінің дамуына серпін берер жобаға ықылас танытып, шығармаларын осында орналастыруға рұқсат берген Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Қасым Аманжолов, Бауыржан Момышұлы, Зейін Шашкин, Жұбан Молдағалиев, Қалижан Бекхожин, Сағи Жиенбаев, Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова,Әбіш Кекілбаев, Зейнолла Қабдолов, Сафуан Шаймерденов, Қалтай Мұхамеджанов, Мұхтар Шаханов, Сәкен Жүнісов, Софы Сматаев, Қабдеш Жұмаділов, Сәуірбек Бақбергенов сынды ақын-жазушылар мен олардың ұрпақтарына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Kitap(圖4)-速報App

Мұнымен қатар «Қазақстанның ашық кітапханасының» қоры мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасына енгізілген 130 автордың 1500-ден аса шығармасының аудиохрестоматиясымен толықты. Бұл арқылы оқырман тұтас бір әдеби әлеммен табысып, туындылардың аудионұсқасын тыңдауға мүмкіндік алды.

Kitap(圖5)-速報App

«Қазақстанның ашық кітапханасы» тек қазақ әдебиеті шығармаларымен ғана шектелмек емес, осы кезеңге дейін қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетінің де көрнекті туындыларын оқырман назарына ұсынуда.