價格:免費
更新日期:2016-09-08
檔案大小:4.1M
目前版本:1.0
版本需求:Android 2.1 以上版本
官方網站:mailto:admin@abuhanifa.kz
"Намаз үйренушілерге арналған рет-ретімен бейнеленген нұсқаулық"
Намаз - Аллаһ Тағала мүминдерге парыз еткен ғибадаттың ең бірінші түрі. Намазды әрбір кәмелетке жеткен әрі ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылман орындауға міндетті.
Намаз біздің бұл дүние мен Ақыретте жетістікке жетуіміздің кілті. Аллаһ Тағала бұл туралы Өзінің Ұлы Кітабында: «Шындығында, намаздарында тағзым-итағатпен мойынсұнушы мүминдер құтылды», - деді (23:1–2). Ал басқа аяттарда былай деп айтылады: «Олар намаздарына ұқыпты. Міне, солар - мұрагерлер. Олар онда мәңгі қалатын Фирдауыс жәннатына мұрагер болады» (23:9–11).
Намаз иманды арттырады, күнәларды өшіреді, кісіні ізгі және салиқалы адамдармен бір қатарға қояды, оған дінде және дүние істерінде көмектеседі әрі оны жаман және жексұрын нәрселерден қорғайды.
Бұл буклеттің мақсаты — сіздерге намазды Мухаммад Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орындағандай етіп дұрыс орындауды үйренуге көмектесу.