速報APP / 社交 / Намаз

Намаз

價格:免費

更新日期:2019-04-03

檔案大小:73M

目前版本:1.13

版本需求:Android 4.0 以上版本

官方網站:http://muftyat.kz/kz

Email:muftyat@gmail.com

聯絡地址:Казахстан, г. Алматы, ул. Маметова 1Б

Намаз(圖1)-速報App

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтының әзірлеуімен жасалынған бұл қосымшада Әбу Ханифа мәзһабының негізінде намаз оқудың фото және бейне үлгілері берілген.

Бұл қосымша Ислам ғибадатының бастауы, діннің дінгегі, иманның нұры, мүміндердің миғражы болып саналатын ерекше құлшылық – «Намаз» жайлы толық әрі жан-жақты мағлұмат беріп, намаздың оқылуын үйретеді.

Намаз – ақыретте ең алғаш сұралатын амал. Осыған орай Әбу Хұрайра (р.а.) мына хадисті жеткізген: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі есепке алынатыны – намаз. Намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Ал намазы дұрыс болмаса, онда күйзеліске ұшырап, қатты қайғырады. Егер пенденің парыз амалында кемшілік болса, Хақ тағала «Нәпіл амалдары бар ма екен? Сонымен парыздарының кем-кетігін толтырсын» – дейді. Әлгінің басқа амалдары да осы тәрізді есептеледі» (Тирмизи, Сунән, 2/269).

Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі. Пайғамбарлардың сүннеті. Періштелердің ең сүйкімді ісі. Жер мен көктің нұры. Тән саулығының қайнар көзі. Рызық-несібенің берекесі. Дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені. Жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы. Қабір әлемінде Нәңкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жай отындай жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртының киер тәжісі. Алла Тағала мүміндерге намаздан маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рукуғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұр. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүминдерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы.

Намаз(圖2)-速報App

Құрметті «Намаз – діннің тірегі» қосымшасының қолдануышылары! Біз алдағы уақытта қосымша қызметін жақсартып, толықтырып отыратын боламыз. Сіздердің жылы лебіздеріңіз, ұсыныстарыңыз бен сын-пікірлеріңіз қосымшаның одан әрі дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Қосымшаға байланысты ұсыныс-тілектеріңізді мына электронды хатқоржынға жолдауларыңызға болады: info@mmuftiyat.kz

Қызметтер:

• Намаз жайлы толық ақпарат

- Намаз кітабы

Намаз(圖3)-速報App

- Намаз түрлері

- Намаз уақыттары

• Намаз оқу үлгісі

- Фото үлгісі

Намаз(圖4)-速報App

- Бейне үлгісі

- Жазбаша үлгісі

• Мультимедиа

- Сүрелер мен дұғалар

Намаз(圖5)-速報App

- Азан және қамат

• Қосымша

- Құбыла анықтау

- Намаз уақыттары

Намаз(圖6)-速報App

- Намазға қатысты терминдер

Сайт: www.muftyat.kz

Кері байланыс: info@muftiyat.kz

Байланыс телефонымыз: +7(7271)999 866

Намаз(圖7)-速報App

Мекен-жайымыз: Астана қаласы,

Қошқарбаев көшесі, 33/1

Намаз(圖8)-速報App